Кеңес беру нүктесі

Қыркүйек айында «Достық» бөбекжай-бақшасының мобильді консультациялық пунктінің жұмыс жоспарына сәйкес «Бала әлеміне бірге қадам» тақырыбында ата-аналарға арналған танысу кездесуі мен жеке консультация ұйымдастырылды.
Кездесу барысында ата-аналарға мобильді консультациялық пункттің негізгі мақсаттары мен міндеттері түсіндірілді. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес күн тәртібін ұйымдастыру, дұрыс тамақтану, ұйқы және демалыс уақытын сақтау, ойын арқылы дамыту мәселелері қарастырылды.
Педагогтер ата-аналарға үй жағдайында баланың танымдық, тілдік, әлеуметтік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған қарапайым ойындар мен жаттығулар туралы кеңестер берді.